«Тараз» ӘКК» АҚ-ы «Тараз қаласында көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру үшін, жер учаскілерін беру ережелеріне сәйкес жер учаскелерін жалға алу келісім-шарттарын алуға өтініштер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Өтініштер «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Тараз» ӘКК »АҚ) жер учаскелерін беру Ережелеріне сәйкес, «100 орын – көше саудасы» жобасы шеңберінде қаралады.
Жер телімін алу конкурсына қатысу өтініштері, осы жылдың 20 қыркүйегінен - 04 қазан айына дейін қабылданады.
Өтініштерді қабылдау: сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс cағат 13:00- ден 15:00- ге дейін).
Жер телімін алу конкурсына қатысу үшін, өтінішке қоса келесі құжаттар өткізіледі:
Жеке кәсіпкерлер үшін:
1. жеке кәсіпкердің қызмет түрлерін көрсете отырып, тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2. жеке куәліктің көшірмесі;
3. өтініш берген кезде салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
4. белгiленген кепiлдік төлемдерді әлеуетті қатысушыларының аударуын растайтын банктік жазбамен бірге төлем құжаты.
Заңды тұлғалар үшін:
1. мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
2. өтініш берген кезде салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
3. белгіленген кепілдік жарнаның әлеуетті қатысушысы аударымды растайтын құжаттың орындалуы туралы банктік белгісі бар төлем құжаты;
4. өкілдігінің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда).
Кепілдік жарнаны аудару үшін реквизиттер: БСН 100540016778, ИИК KZ269650000155697537, «ForteBank» АҚ, БИК IRTYKZKA, КНП 171, Кбе 16 (кепілдік жарнасын аудару барысында, міндетті түрде сауда павильонның мекен-жайын көрсету тиіс).
Өтініш формасы және оған тіркелетін құжаттар тізімі Жамбыл облысы әкімдігінің (www.zhambyl.gov.kz) Тараз қаласының әкімдігі (www.taraz-gov.kz), Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы (www.taraz.atameken.kz) интернет-ресурстарында жарияланады, сондай-ақ конкурстық іріктеу және өтінім беру мәселелері бойынша келесі мекен-жай бойынша ақпарат ала аласыз: Тараз қ., К.Койгельды көшесі, №173, каб. 301, жауапты тұлға Оспанова А., тел. 8(7262) 54-61-76.
Өтініш формасы