Рус Каз Eng

Жамбыл облысы

Тараз
 

Корпоративтік басқарма

«ҰК «ӘКБ «Тараз» АҚ корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін нығайту құралы ретінде қарастырады.
«ҰК «ӘКБ «Тараз» АҚ корпоративтік басқаруы әділеттілік, жауапкершілік, ашықтық және біліктілік негізінде құрылады. Корпоративтік басқарманың тиімді құрылымы Қоғамның қызметіне қызығушылық білдірген тұлғалардың құқықтарына және мүдделеріне құрмет білдіреді және Қоғамның табысты қызметіне, соның ішінде оның құндылықтарын арттыруға, қаржылық тұрақтылықты және пайдалылықты қолдауға көмек береді.
Басқарудың тиімді үлгісін қамтамасыз ету үшін «ҰК «ӘКБ  «Тараз» АҚ корпоративтік басқарудың заманауи стандарттарын белсенді енгізіп жатыр. Бұл компанияның тиімділігін қамтамасыз етуге және ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
 «ҰК «ӘКБ  «Тараз» АҚ-ның басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесінің құрамына Облыс әкімінің екі орынбасары, Басқарма Төрағасы және бизнестің өкілдері – екі тәуелсіз директор кіреді.
 «ҰК «ӘКБ «Тараз» АҚ атқарушы органы Басқарма болып табылады. Басқарма Төрағадан, заң бөлімінің бастығынан және департаменттердің үш директорынан құралады. «ҰК «ӘКБ  «Тараз» АҚ басқармасы апта сайын отырыстар өткізеді және «ҰК «ӘКБ «Тараз» АҚ-н жедел басқару бойынша шешімдерді қабылдайды.
 «ҰК «ӘКБ «Тараз» АҚ-ның еншілес және тәуелсіз кәсіпорындарының басқарушылық практикасына бақылаушы және қадағалаушы органдар – Бақылаушы Кеңес және Ревизиялық комиссия кіреді. Осы практиканы енгізу төмендегідей нәтижелерге алып келді:
атқарушы органның қызметін қадағалау;
басқарушылық шешімдерді қабылдау жеделдігінің артуы;
шешімдерді атқаруда қадағалау сапасының артуы;
құрылымдық бөлімшелер басшыларының жұмысқа елігуінің артуы;

Материалдарды пайдалану тек қана құқығын иеленушілердің келісуімен ғана рұқсат етіледі. Барлық суреттер мен мәтіндер авторлардың құқығымен қорғалған.
Байланыста болыңыз