Рус Каз Eng

Жамбыл облысы

Тараз
 

Корпоративтік хатшы

Таскараева Гульшат Эсеновна 

Еңбек өтілі 

2011  жылдан бастап  - «ҰК  «ӘКБ «Тараз» АҚ-ның заң бөлімінің бас маманы.

2012 жылдың 12 наурызынан  бастап – «ҰК  «ӘКБ  «Тараз» АҚ-ның корпоративтік хатшысы.

Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің немесе Директорлар кеңесі тағайындайтын және Директорлар кеңесіне есеп беретін Қоғам басқармасының мүшесі болмайтын Қоғамның қызметкері болып табылады, сондай-ақ өз қызметінің аясында, қажеттілік болған жағдайда, Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімдерін дайындау жөніндегі іс-шараларды іске асырады, Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және жүргізуді, Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды құруды қамтамасыз етеді, Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімдеріне, Директорлар кеңесінің хаттамаларына және шешімдеріне, сондай-ақ оларға қатысты материалдарға қол жеткізуді қамтамасыз етуді қадағалайды.

Корпоративтік хатшының функциялары «Корпоративтік хатшы туралы» Жарғыда көрініс алды.

Корпоративтік хатшының негізгі міндеттері

Жалғыз акционердің шешімдерін дайындау, Директорлар кеңесі отырысын дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

Қоғамның органдары арасында ақпарат алмасу арналарының тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

Жалғыз акционерге Қоғам туралы ақпаратты ашуға, Корпоративтік хатшының қызметіне қатысты Қоғамның құжаттарын сақтауда, Қоғамның Жалғыз акционердің жолданымын қарастыруында және Қоғамның Жалғыз акционері құқықтарының бұзылуына байланысты дауларды шешуде көмек беру.

Корпоративтік хатшының қызметтері

Корпоративтік хатшы заңнаманың, Жарғының және Қоғамның өзге ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Директорлар кеңесі отырыстарын дайындауды және жүргізуді қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі өзінің міндеттерін атқаруда оған ұйымдастырушылық және хаттамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі үшін Қоғамдағы корпоративтік басқарудың жағдайы, Қоғамның Қазақстан Республикасының корпоративтік басқару саласындағы заңнама, Жарғы, Корпоративтік басқару кодексі және Қоғамда корпоративтік басқару практикасын жетілдіруге бағытталған ұсынылған шешімдермен Қоғамның өзге ішкі құжаттарының  талаптарын орындағаны туралы есептерді дайындайды.

Қажеттілік болған жағдайда, Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің мүшелеріне дауыс беруге арналған бюллетендерді жолдауды (ұсынуды) қамтамасыз етеді, толтырылған бюллетендерді, отырыста болмаған Директорлар кеңесінің мүшелерінің жазбаша пікірлерін жинайды және Директорлар кеңесінің Төрағасына береді.

Корпоративтік хатшы:

Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген Директорлар кеңесінің хатшысы функцияларын іске асырады;

отырыстарды жүргізу және оларды Директорлар кеңесінің Төрағасына ұсыну формасы бойынша ұсыныспен бірге Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібі жобаларын дайындайды;

Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды тиісті дайындауды, соның ішінде материалдарды дайындау шараларын сақтауды, лауазымдық тұлғалармен, Ішкі аудит қызметтерімен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және қызметкерлерімен алдын ала талқылауды (алдын ала талқылауды ұйымдастыру) қамтамасыз етеді;

Директорлар кеңесі мүшелерінің шешімдерін Директорлар кеңесіне жолдайды, сондай-ақ сауал түскен жағдайда оларға Директорлар кеңесінің хаттамаларын ұсынады;

Директорлар кеңесі отырыстарының жүргізілуі туралы хабарламалармен және барлық қажетті материалдармен қоса Директорлар кеңесінің күн тәртібін Директор кеңесіне уақытында жолдайды;

Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың функцияларын атқару кезінде көмек береді;

Директорлар кеңесінің қайта сайланған мүшелеріне Қоғамда қолданыстағы Директорлар кеңесінің және Қоғамның өзге органдарының қызмет ережелерін түсіндіреді;

Директорлар кеңесі отырыстарын дайындаудың және жүргізудің шаралық мәселелеріне және Директорлар кеңесі отырыстарын жүргізуге, Қоғам, қоғамның ұйымдастырушылық құрылымы туралы ақпаратты ашуға (ұсынуға) қатысты заңнаманың, Жарғының және Қоғамның өзге ішкі құжаттарының талаптарына қатысты түсініктемелерді ұсынады;

Қоғамның ішкі құжаттарымен, Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімдерімен, Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамаларымен және шешімдерімен таныстырады; 

Директорлар кеңесінің мүшелері өз міндеттерін тиісті атқару үшін маңызы бар өзге ақпаратты ұсынады.

Корпоративтік хатшы Қоғам туралы ақпаратты ашуды (ұсынуды) және оның қызметіне қатысты Қоғамның құжаттарын сақтауды қамтамасыз етеді. Жеке алғанда, Корпоративтік хатшы:

Қазақстан Республикасы заңнамасымен, сондай-ақ Жарғымен және Қоғамның өзге ішкі құжаттарымен бекітілген оның қызметіне қатысты Қоғам туралы ақпаратты сақтау және ашу (ұсыну) тәртібінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қоғамның Жарғысына сәйкес және онымен қарастырылған тәртіпте Қоғамның ақпаратты уақытында ашуын және ұсынуын қадағалайды;

оның қызметіне қатысты міндетті сақтауға тиісті Қоғамның құжаттарына қол жеткізуді, сондай-ақ олардың көшірмелерін ұсынуды қамтамасыз етеді. Құжаттардың көшірмелер, сондай-ақ Директорлар кеңесі отырыстарындағы құжаттардың көшірмелері Корпоративтік хатшының қолымен расталуы тиіс;

Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімдеріне, Жарғыға және Қоғамның өзге ішкі құжаттарына сәйкес Жалғыз акционерге оның мүдделеріне қатысты ақпаратты уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді;

Өзінің міндетін атқара отырып, Корпоративтік хатшыдағы құжаттарды Қоғамның мұрағатына уақытында тапсыруды қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшы Жалғыз акционер, Директорлар кеңесінің және Қоғам Басқармасының мүшелері арасындағы барлық әлеуетті және нақты мүдделер даулары туралы Директорлар кеңесінің Төрағасын хабардар етеді және Директорлар кеңесінің мүшелері арасындағы мүдделер дауларын  бейбітшілік жолмен реттеуде делдал ретінде қызмет етеді.

Корпоративтік хатшы Жалғыз акционер, Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуына қадағалауды жүргізеді.

Корпоративтік хатшы өзіне жүктелген функцияларды атқару кезінде Қоғамның органдары және лауазымдық тұлғалары, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары және қызметкерлері Корпоративтік хатшыға оның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде және өздерінің өкілеттіктері аясында Корпоративтік хатшы сұраған ақпаратты ұсынуда көмек береді.

 

Материалдарды пайдалану тек қана құқығын иеленушілердің келісуімен ғана рұқсат етіледі. Барлық суреттер мен мәтіндер авторлардың құқығымен қорғалған.
Байланыста болыңыз