Рус Каз Eng

Жамбыл облысы

Тараз
 

Мәдениеттің дамуы

2015 жылғы 9 айдың қортындысы бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,1%-ға азайды.

Келушілер сапарларының басым көпшілігі жеке мақсаттарымен (53,8%) саяхаттаған.

Орналастыру орындары қызметтерінің көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде 28%-ға өсті. Осылайша 2015 жылғы қаңтар - қыркүйектің  қорытындысы бойынша резидент емес келушілердiң саны 9% артты (2014 жылғы қаңтар - қыркүйекте – 1366 адам келушілер, 2015 жылғы қаңтар - қыркүйекте – 1489 адам), ал резиденттер бойынша 2,3%-ға азайды (2014 жылғы қаңтар - қыркүйекте 70343 адам, 2015 жылғы қаңтар - қыркүйекте – 68718 адам).

Облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын орналастырулар орындарының саны 122 бірлікті құрап,ондағы орналастыру орындары  1487 нөмірге есептеліп, олардың біржолғы сыйымдылығы 2480 төсек-орынды құрайды. Олармен 70207 адамға қызмет ұсынылып, 644,5 млн.теңгенің қызметі көрсетілген.

Бүгінгі күні облысымызда 42 туристік фирма, 1 киіз үй қалашығы, 1 сауықтандыру кешені, 5 демалыс орталығы, 10 балалар сауықтандыру лагерлері, бірегей шипалы балшық және минералды суларымен 5 шипажай, сауықтандыратын орындар жұмыс істейді.

Жамбыл облысында 2015 жылдың 9 айында туризм саласы бойынша көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 644,5 млн теңгені құрады. 2015 жылы аймақта туризмді дамыту мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді:

-  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойындағы 8 жол бойғы кешендерінің құрылысы бойынша кеңес өткізілді;

-  Алматы қаласында «KITF-2015» республикалық халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысты;

-  Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы щеңберінде №12 колледждің білімгерлері және «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясымен бірге «Қазақ хандығының ту тіккен өлкесі» атты экспедициясы ұйымдастырылды;

-  Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірігіп туристік фирмаларға паразитарлық аурулардың алдын алу туралы семинар өткізілді;

-  2015 жылдың 26 тамызында облыстың туристік ұйымдарымен бірлесе отырып «Жамбыл облысында туризмді дамыту» тақырыбында кеңес өткізілді. Аталған кеңес барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының туризмге қатысты тармақтарын талдап, нарықтың даму әлеуетін қарастырды;

-  Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының іс – шараларына жергілікті тауар өндірушілерін тарту бойынша 2015 жылы 10 қыркүйекте Жамбыл облысының Ұлттық палатасы ұйымдастырған кездесуге қатысты;

-  2015 жылы 13 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылдық округі бойынша «Қазақ хандығына 550 жыл» аясында туризм саласын дамыту бағытында «Туған өлкем – қандай көркем» атты тарихи – мәдени орындарына ақпараттық турға қатысты;

-  2015 жылдың 18-19 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «Silk Road Fair» туристік жәрмеңкесінде «Recommended by EXPO - 2017» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысының тур фирмалары және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалынды;

-  Туризм индустриясы департаментінің қатысуымен, Мәскеудің Люксембург Розасы қорының филиалымен ынтымақтастықтағы «Аружан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 23 қыркүйек күні «Әлеуметтік туризм: барлығы үшін қолжетімділік» тақырыбындағы Қазақстандағы алғашқы Халықаралық конференциясына қатысты;

-  2015 жылдың 24-26 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы «Көрме» кешенінде өткізілген «Astana Leisure 2015» атты туристік көрмеге қатысты;

-  Жамбыл облысының Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесе Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Жамбыл облысының аудандырының Солтүстік және Орталық бағыттары бойынша «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» атты республикалық тарихи – мәдени экспедициясына қатысты;

-  ағымдағы жылдың 26 қарашасында Алматы қаласынан  Қазақстандық туристік ассоциациясының 12 өкілі, БАҚ және Жамбыл облысындағы турфирмалар өкілдеріне Жамбыл облысындағы туризм нысандарына бір күндік тур ұйымдастырылды;

-  2015 жылдың 10 желтоқсанында облыстың турфирмаларына Белорусь Республикасының туризмі бойынша презентация ұйымдастырылды;

-  2015 жылдың 18 желтоқсанында Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері, туроператорлары, қонақ үй индустриясы өкілдерінің қатысуымен өткізілген кездесуде аталған Ұлттық компаниямен «Жамбыл Сервис» туристік компаниясы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды;

-  2015 жылдың 11 айында «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Аймақтық үйлестіру кеңесі жалпы соммасы 1,48 млрд. теңге қонақ үйлер салу жөніндегі 11 инвестициялық жобаны, жылжымайтын мүлікті алу үшін 1 және қалпына келтіру бойынша 2 инвестициялық жобаны қарастырып, мақұлдады.

Жамбыл облысы бойынша туристік маршруттар әзірленуде.

Атап айтқанда, «TARAZ TRAVEL» туристік компаниясымен «Көне Тараз Маржандары», «Ақыртас жұмбақтары», «Аспан асты жолдары», «Ақсу Жабағалы» мұражай - қорығына экскурсиялар және «Ұлы Жібек жолы» тур маршруттары.

«Золотой Караван» Туристік орталығының тур маршруттары: «Көне Тараз бүгін», «Архитекторлық ескерткіштер», «Ақыртас жұмбақтары», «Қарлы шыңдардан құмды жоталарға дейін». «Тараз Даму» туристік фирмасының «Көксай» қазақ ауылы атты маршруты.

Облысымыздың туристік әлеуеті www.dppzhambyl.gov.kz сайтында кеңінен ұсынылады.

Материалдарды пайдалану тек қана құқығын иеленушілердің келісуімен ғана рұқсат етіледі. Барлық суреттер мен мәтіндер авторлардың құқығымен қорғалған.
Байланыста болыңыз