Рус Каз Eng

Жамбыл облысы

Тараз
 

Развитие культуры

2014 жылы туризм бөлімінің іс- шаралар жоспарына сәйкес туризм саласындағы кызметкерлер туристік өнімді ішкі және халықаралық туристік қызметтер нарығына жылжыту мақсатында 2 ірі республикалық және 2 халықаралық іс- шараларға қатысты, атап айтқанда:

2014 жылы облыстың туристік өнімін ішкі және халықаралық туристік қызметтер нарығына  жылжыту мақсатында  Қазақстан делегациясының құрамында туризм бөлімі  Стамбул қаласында өткен «EMITT 2014», Мадрид  қаласында «FITUR 2014», сәуір айында Алматы қаласында өткен «KITF 2014» республикалық халықаралық туристік жәрмеңкесіне және  үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Астана қаласында «Astana Leisure - 2014» 11-ші халықаралық туристік жәрмеңкеге қатысты;

Балалар, экологиялық, спорттық, танымдылық, этникалық туризмдерін дамыту мақсатында аймақта келесідей іс шаралар жүргізілді. 

31 мамыр - 1 маусым  аралығында Байзақ ауданы Сұғаты шатқалында «Живая струна» атты фестивалі өтті. Бұл фестивальға біздің облысымыздың және Қазақстан бойынша әуесқойлар мен авторлық әндер байқауының жеңімпаздары мен орындаушылары қатысты. Фестивальда өткен байқаудың тақырыптары: «Үздік ән», «Үздік мәтін», «Үздік топтық орындау», «Музыкалық орындау шеберлігі», «Вокал» және «Дебют» «Үздік дауыс» «Үздік қазақ тілінде орындаушы».  

2014 жылдың 13-15 маусым күні Тараз қаласы және облыс аудандарының мектеп оқушылары және ТарМУ мен ТарПИ студенттерінің  қатысуымен «Менің отаным – Казақстан» атты экспедициясы құрылды. Бұл іс-шара Байзақ ауданындағы Қырғыз Алатауының Солтүстік Тянь-Шаньда Қара-Арша шатқалында және Соғаты мен Қошқар ата аймағында ұйымдастырылды. Маршруттың ұзындығы 20 км, қиындығы 1-ші санат.

Шілде айында Астана қаласына Жуалы және Қордай аудандарынан аз қамтамасыз етілген отбасылардан және жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық, аймақтық олимпиада жеңімпаздарынан жинақталған 64 балаға екі күндік тур ұйымдастырылды, аталған шараға 10-12 жастағы балалар қатысты.

2014 жылдың 3-5 қазан күндері  Бүкіләлемдік туризм күніне арналған күздік туриада Жуалы ауданында орналасқан «Амансай» шатқалында өткізілді. Бұл іс-шараға жалпы 105 адам, 13 команданың өкілдері және 13 төраға қатысты.

2014 жылдың 24-25 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының туристік, қонақ үй бизнестері және қонақ жайлар мамандарын дайындау бойынша оқыту семинары өткізілді. Аталған семинарға жалпы саны 12 адам қатысты. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.

2014 жылдың 25-26 желтоқсан аралығында «Городище «Город купцов», «Традиция охоты» (соколиная охота) и «Bird watching» (Берд уатчинг) тақырыптарына Жамбыл облысы туризмінің дамуы туралы ақпараттар kazinform сайтында жарияланды.

Облысымыздың туристік әлеуеті www.dppzhambyl.gov.kz сайтында кеңінен ұсынылады.

Аймақтағы туризмнің даму бағыттары туралы материалдар облыстық бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы үнемі жарияланып отырады.

2014 жылдың 9 айында қызмет көрсетілген келушілердің саны өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 10,6%-ға артты.

Туристік салада көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 18,3%-ға артып, 503,4 млн. теңгені құрады.

Келушілер сапарларының басым көпшілігі іскерлік және кәсіби мақсаттармен (53,2%) саяхаттаған.

2014 жылдың 9 айында барлық бағыттар бойынша туристік ағымдардың көбейгендігі байқалуда. Осылайша, 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда резидент емес келушілердiң саны 34,7% артты (2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте –1014 адам келушілер , 2014 жылғы қаңтар- қыркүйекте – 1366 адам), ал резиденттер бойынша 10,2%-ға көбейді (2013 жылғы қаңтар- қыркүйекте – 63840 адам, 2014 жылғы қаңтар- қыркүйекте – 70343 адам).

Облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын 84 кәсіпорын және жеке кәсіпкерлер 71709 адамға қызмет ұсынып, 503,4 млн.теңгеге қызмет көрсетті. Орналастыру орындары 1009 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 1763 төсек-орынды құрады.

Материалдарды пайдалану тек қана құқығын иеленушілердің келісуімен ғана рұқсат етіледі. Барлық суреттер мен мәтіндер авторлардың құқығымен қорғалған.
Байланыста болыңыз