Рус Каз Eng

Жамбыл облысы

Тараз
 

Облыстағы өнеркәсіп қозғалысының дамуы

         2014 жылдың қаңтар-қараша айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 246 999,9 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,1% құрады. 

       Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 18 941,0 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 113,3% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 7,7 % құрайды.

Салада гипс және әктас өндірісі 13,8 %, ұсақталған фосфат шикізаты – 38,7%, табиғи газ өндірісі – 1,2%, көмір және лигнит өндірісі 59,4 % артқан.

2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, газ конденсаты өндірісі – 6,5%, майда уатылған фосфат шикізаты – 17,0 %, барий сульфатының өндірісі 10,4% төмендеген. 

Өңдеу өнеркәсібі  саласында өнім көлемі 182 496,8 млн. теңгені құрады, немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,2% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 73,9%  құрады. 

Тамақ өнімдерін өндіру саласында өнім көлемі 58 057,3 млн. теңгені құрап, өсім 20,3 % құрады. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 23,5 %.

Облысымыздың қант зауыттары («ЦАСК» ЖШС-нің Тараз және Меркі филиалдары) 314,6 мың тонна қант өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 128,8 % артық. Салада ет өндірісі 22,1%, шұжық өндірісі 9,1 %, сары май өндірісі – 15,5%, ірімшік және сүзбе өндірісі – 35,8% артқан. 

Химия өнеркәсібі облыстағы өндеу өнеркәсібінің басты саласының бірі болып табылады. Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 63 181,6 млн. теңгені құрап немесе 2013 жылмен салыстырғанда 104,2% артып отыр. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 25,6 %.

Салада сары фосфор өндірісі – 10,1%, азотты тыңайтқыштар – 6,8%, фосфорлы тыңайтқыштар – 8,6%  артқан, сонымен қатар фосфорлы қышқыл өндірісі 13,0%, натрий триполифосфаты – 18,1% төмендеген. 

Басқа металл емес минералды өнімнің өндіріс көлемі  23 175,8 млн. теңгені құрап, немесе 2013 жылдың деңгейінен 101,0% құрап отыр. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 9,4 %.

Салада портландцемент өндірісі 24,5%, құрылыс гипсінің өндірісі 4,6%, бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары 23,6% артқан. 

Жеңіл өнеркәсіп саласында 1 360,3 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 102,9% құрады. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 0,6%.

Салада киім өндірісі 20,6%, былғары өндірісі 17,2 % артқан. Сонымен қатар, сұраныстың жоқтығына байланысты өткен жылмен салыстырғанда «ТаразКожОбувь» ЖШС-де аяқ киім өндірісі 3,8 есеге төмендеген; айналым қаражатының және шикі заттың тапшылығына байланысты тоқыма бұйымдарының өндірісі 17,9% төмендеген. 

Машина жасау саласында өнім көлемі 11 579,8 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,3% құрап отыр. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 4,7 %.

Бұл салада негізгі өнімді «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің филиалдары беріп отыр: Шу локомотив жөндеу зауыты және Тараз локомотив жөндеу депосы. 

2013 жылдың қаңтар-қараша аралығындағы деңгейіне өңдеу өнеркәсібінің келесі салалары жетпеді:

-     Металлургия өнеркәсібі – (96,2%);

-     Дайын металл бұйымдарының өндірісі (95,6%);

-     Мұнай өнімдерінің өндірісі (45,7%). 

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10 563,7 млн. теңгені құрап отыр, НКИ өткен жылмен салыстырғанда 96,2%. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 4,3%.

2013 жылдың сәуірінен бастап, айналым қаражатының тапшылығына байланысты, ферроқорытпа өндірісімен айналысатын облысымыздың ірі кәсіпорындарының бірі «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-гі тоқтап тұр. Сонымен қатар, құйма өндірісінде өнім көлемі 35,5%, асыл және түсті металл өндірісі 1,0 % өскен. 

Дайын металл бұйымдарының өндірісінің көлемі 5 284,7 млн. теңгені құрады, немесе 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 95,7 % құрады. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 2,1%.

Металл бұйымдары өндірісіндегі өнім көлемінің төмендеуінің себебі - «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС және «Құрылыс конструкция зауыты» ЖШС өнімдеріне тапсырыстардың азаюы. 

Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 6 056,9 млн. теңгені құрап, немесе 2013 жылдың деңгейіне 45,7 % құрап отыр. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 2,5 %.

Облысымызда ең ірі мұнай өнімдерін өндіруші «Амангелді ГӨЗ» ЖШС болып табылады. Салада 124,6 мың тонна мұнай өнімдері (мазут, дизельдік отын, дистиляттар) өндірілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге төмендеген. Өнім көлемінің төмендеу себебі – шикізаттың тапшылығы. 

Аумақтық кесімде, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 8 ауданда артқан: Байзақ (104,3%), Қордай (120,1%), Меркі (100,1%), Мойынқұм (111,7%), Сарысу (110,0%), Талас (103,4%), Шу (142,9%), Т. Рысқұлов (103,7%),

Жамбыл (49,0 %), Жуалы (95,3%) аудандарының кәсіпорындары 2013 жылдың деңгейіне жетпеді.

Жуалы ауданында шағын кәсіпорындардың өнім көлемі төмендеген, Жамбыл ауданында «Амангелдинский ГПЗ» ЖШС-де мұнай өнімдерінің өндірісі төмендеген.

Тараз қаласының кәсіпорындарымен 2014 жылдың қаңтар-қараша аралығында 160 737,8 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 108,1 %  артқан.

Материалдарды пайдалану тек қана құқығын иеленушілердің келісуімен ғана рұқсат етіледі. Барлық суреттер мен мәтіндер авторлардың құқығымен қорғалған.
Байланыста болыңыз