Рус Каз Eng

Жамбыл облысы

Тараз
 

Инвестиционные возможности

Аймақ шетелдік инвесторлар үшін көптеген инвестициялық мүмкіндіктер ашуда. Облыс территориясында Республикалық баланс қорындағы фосфориттің71,9% (ТМД территориясындағы ең ірі қоры), плавикалық шпаттың 68% (плавикалық шпаттың қоры бойынша әлемде жетекші орындардың бірінде), кварциттің65,1%, алтынның 8,8%, мыстың 3% , уранның 0,7% орналасқан. Азықтық және техникалық тұз қоры 10 млн. тоннаны құрайды.

Кварциттің 2 кен орны бар - Жаңатас (баланстық қоры 38 800 мың тоннаны құрайды) және Мақбел республикадағы ең ірі (137 040 мың тонна). Қордай ауданындағы Тымлай титан-магнетит кен орындары анықталған.

Қорғасын-мырыш минерализациясының келешегі бар кен орындары Шу-Іле ауданында анықталған. Мыс кенін өндіру Шу ауданындағы Шатыркөл полиметалл кен орнында жүргізіліп жатырӨнеркәсіптік қызығушылықты Сарысу ауданындағы қоры 10 млн. тонна азықтық және техникалық тұз кен орындары құрайды.

Оның территориясында Шу – Сарысу ойпатының шеңберінде табиғи газдың бірнеше кен орындары барланған. Облыс республикада жерасты суларының барланған  қоры бойынша 3 орын алады. Бекіітілген эксплуатациялық қоры 4 520,94 тәулігіне/куб.м. 40 кен орны анықталған.

Табиғи-климат жағдайы астық, техникалық, бақша, азық дақылдарын, көкөністі, жемісті өсіруге мүмкіндік береді. Табиғи жайылымдардың кең алқабы (3 308,7 мың га) мал шаруашылығынқой шаруашылығын, жылқы табының дамуына қолайлы. Ауылшаруашылық алқаптар 10 489,6 мың га немесе облыстың жалпы жер алқабының  72,7 %  алып жатыр. Егін құрылымында негізгі алқаптарды астық және мал азықтық дақылдар (егінді алқаптың 80%) алып жатыр.

Жамбыл облысының тиімді географиялық жағдайын ескере отырып, Орта Азия мемлекеттерінен көлік легімен өтетін Қазақстанның Еуразиялық континенттің орталығында орналасуына байланысты жоғары транзиттік әлеуетке ие. Аймақтың транзиттік болашағы «ТРАСЕКА» халықаралық темір жол жобасы мен«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізін салу аясында едәуір артады, бұл халықаралық маңызы бар қуатты көлік торабын құру үшін қолайлы жағдай жасайды.

Жамбыл облысының қомақты шикізат және өнеркәсіп қуатымен қатар, шикізатқа бай Қазақстанның көрші аймақтары және шекаралас Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің жақындығы маңызды мәні бар.

Материалдарды пайдалану тек қана құқығын иеленушілердің келісуімен ғана рұқсат етіледі. Барлық суреттер мен мәтіндер авторлардың құқығымен қорғалған.
Байланыста болыңыз